$ 521.9  593.5  6.39

Талантты футболшы Дастан Сәтпаев дубль жасады

Осылайша 4-турдың қорытындысы бойынша 10 ұпай жинаған "Қайрат"көш бастап тұр.

Фото: sportbugin.kz
Фото: sportbugin.kz

6-сәуірде Атырауда "Атырау" мен "Қайрат" командалары арасында матч өтті. Ойын алматылық клубтың 4:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Бұл матчта Дастан Сатпаев дубль жасаса, Жоржиньо мен Становев бір-бір голдан соқты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев дубльден бөлек бір нәтижелі пасымен көзге түсті. Ал, жергілікті команданың құрамында жалғыз голды Цветелин Чунчуков соқты.

Сол күні, Астанада Қазақстан Премьер-лигасының 4-туры аясында "Елімай" мен "Ұлытау" арасында кездесу өтті. Бұл ойында семейлік клуб 3:0 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары — Плакки, Мүлич және Жұмаханов.

Тағы бір матчта "Ақтөбе" өз алаңында "Қайсарды" ірі есеппен жеңді. Ойын 4:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. Гол авторлары Бағдат Қайыров, Дархан Бердібек, Идрис Умаев және Оралхан Өміртаев. Қонақтар сапынан жалғыз голды Айбар Жақсылықов соқты. 

Осылайша 4-турдың қорытындысы бойынша 10 ұпай жинаған "Қайрат"көш бастап тұр. "Ақтөбеде" де 10 ұпай болғанымен қосымша көрсеткіштер бойынша екінші сатыға жайғасты. Ал үздік үштікті 10 ұпаймен "Астана" түйіндеп тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары