$ 521.9  593.5  6.39

Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі үшін қанша гонорар алғаны белгілі болды (ВИДЕО)

Аталған сома ақылы трансляциялардан түскен кіріске байланысты әлі де артуы мүмкін.

Фото: x.com/qazaqstyle
Фото: x.com/qazaqstyle

Орта салмақта IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегінде қанша сыйақы алғаны жарияланды. Бұл туралы Skifnews.kz хабарлайды.

Sport Salaries порталының мәліметіне сүйенсек, Жәнібек бұл кездесуден 500 мың АҚШ доллары көлемінде гонорар алған.

Ал оның қарсыласы – француз боксшысы Анауэль Нгамиссенге 350 мың доллар көлемінде сыйақы төленген.

Аталған сома ақылы трансляциялардан түскен кіріске байланысты әлі де артуы мүмкін.

5 сәуір күні өткен жекпе-жекте Жәнібек қарсыласын бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп, төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды. Осылайша, қазақстандық боксшы кәсіпқой мансабындағы 17-ші жеңісіне қол жеткізіп, екі чемпиондық белбеуін де сәтті қорғап қалды.14:41

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары