Боксшы қыз Сербияда 63 келі салмақта чемпион атанған.
Бокстан Сербияда өткен әлем чемпионатында топ жарған Аила Әбікееваға Қарағанды облыстық бокс федерациясы жеңіл көлік мінгізді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Қарағанды облысының бокс федерациясы атынан Камалутин Халиков әлем чемпионы Аида Әбікееваға тамаша сыйлық – жаңа автокөлік табыстады. Бұл – оның ерен еңбегі, жігері мен табандылығы үшін лайықты марапат. Аиданың бұл жетістігіне шын жүректен қуанып, Қазақстанды әлемдік аренада лайықты танытып жүрген дарынды спортшымызбен мақтанамыз. Бұл жеңіс – үлкен жолдың бастауы ғана болсын, алдағы мақсат – Олимпиада алтыны болғай!", - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізде болса, наурыз айында Сербияның Ниш қаласында 63 келіде чемпион атанған болатын. Сондай-ақ, боксшы әлем чемпионы ретінде ІВА-дан 100 мың АҚШ долларын алды. Бұдан бөлек, еліміздің бокс федерациясы боксшыға 100 мың доллар сыйақы беретінін хабарлады.