$ 542.66  631.98  6.77

Белгілі бапкер Қазақстан тарихындағы үздік футболшыларды атады

«Жетісу» клубының бас бапкері үш футболшының есімін атады.

Фото: kazfootball.kz
Фото: kazfootball.kz

«Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақов Қазақстан Премьер-лигасы тарихындағы ең үздік футболшылар туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы QSport-қа сілтеме жасап.

Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең мықты ойыншылар туралы сұраққа Смақов былай деп жауап берді:

«Тимур Сегізбаев, Құралбек Ордабаев, Сейілда Байшақов», — деп жауап берді Смақов.

Тимур Сегізбаев мансабын «Қайрат» сапында өткізген. Жартылай қорғаушы ретінде ол 1958-1970 жылдары алматылық клуб үшін 212 матчқа шығып, 19 гол соқты.

Құралбек Ордабаев он жыл бойы (1972-1982) «Қайраттың» қақпасын қорғап, 254 кездесу өткізді. Сондай-ақ, ол Шымкенттің «Металлург» және «Мелиоратор» командаларында да өнер көрсетті.

Сейілда Байшақов та «Қайратта» он жыл (1971-1981) ойнап, 296 матчта 11 голдың авторы атанды. Бұған қоса, ол Жамбылдың «Энергетик» клубында да доп тепті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары