06.09.2025, 02:30

«Ең сұлу боксшы»: Балауса Мұздыман кәсіпқой мансабында тоғызыншы рет жеңіске жетті (ВИДЕО)

Фото: instagram.com

Мұздыман бірінші, екінші және төртінші раундтарда қарсыласын нокдаунға жіберіп, төрешіні бірнеше рет санауға мәжбүр етті.

Алматыда өткен бокс кешінде қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман үндістандық Мамта Сингхпен (7-2-1, 4 КО) қолғап түйістіріп, жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Екінші аса жеңіл салмақта өткен бұл кездесуде UBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынды. Мұздыман бірінші, екінші және төртінші раундтарда қарсыласын нокдаунға жіберіп, төрешіні бірнеше рет санауға мәжбүр етті.

Төртінші раундта Балауса техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, кәсіби рингтегі тоғызыншы жеңісін тіркеді және UBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанды.

Бұл жеңіліс үндістандық Мамта Сингх үшін мансабындағы үшінші сәтсіздік болды.