Продюсер қақпашының анасы Сәулемен "Түнгі студия" бағдарламасында жұмыс істегенін айтып, одан қандай күйде тұрғанын сұрады.
Продюсер Алпамыс Шәрімов "Қайрат" - "Реал Мадрид" матчы алдында оқырмандарына Шерхан Қалмұрзаның анасын көрсетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Продюсер қақпашының анасы Сәулемен "Түнгі студия" бағдарламасында жұмыс істегенін айтып, одан қандай күйде тұрғанын сұрады.
"Керемет! Кішкене толқыныс бар. Бірақ мен ұлыма, командаға сенемін", - деп қысқа қайырды Шерханның анасы Сәуле.
Сондай-ақ ол Сәуледен көбірек дұға тілеуін сұрап, оның алтынқұрсақты ана екенін айтты.
Аталмыш видео желіде кеңінен тарап, 500 мыңға жуық қаралым жинады.
"Қандай жап-жас анасы", "Анасы ма, құрбысы сияқты екен", "Ұлы 18 жаста болса, неше жасында босанған?", "Анасының тілегі қабыл болсын", деп желі қолданушылары түрлі пікір жазды.