$ 549.15  643.88  6.71

Танымал қазақстандық кәсіпкер Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйлады (ВИДЕО)

Спортшы бұндай сыйлықты күтпегенін жеткізіп, алғысын жаудырды.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

«Shoqan» ерлер костюмдері брендінің негізін қалаушы, кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов жас қақпашы Шерхан Қалмұрзаға көлік сыйлады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Саған арналған шағын сыйлығым бар. Бұл – сенің көлігің. Бізге шексіз эмоция сыйладың. Бастысы тоқтап қалма!»– деді ол.

Спортшы бұндай сыйлықты күтпегенін жеткізіп, алғысын жаудырды.

Айта кетейік, «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза тарихи матчтан кейін желі жұлдызына айналды. Ол бірінші таймда қақпасын Килиан Мбаппенің соққыларынан дәл қорғап үлгерді. Жас голкипер суыққанды ойынымен жанкүйерлердің қошеметіне бөленді.

Бұған дейін желі қолданушыларға жас спортшыға көлік сыйлау бастамасын көтерген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары