$ 549.15  643.88  6.71

«Алып анадан туады»: Қазақ сұрмергендерінің артында тұрған алыптар кім?

Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізді.

Фото: instagram.com/dina.tolepbergen
Фото: instagram.com/dina.tolepbergen

Кеше бүкіл әлем Қайрат пен «Реалдың» ойынын тамашалады. Шерхан Қалмұрза мен Дастан Сәтпаевқа сүйсінбеген адам жоқ. Енді сондай батыр ұлдарды тәрбиелеген аналарымен таныс болыңыздар, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мадина Сатпаева - Дастан Сәтпаевтың анасы. Әлеуметтік желіде өзін мүлдем жария етпеуге тырысады. Ұлы секілді белсенді өмір салтын ұстанатын, иога, сопртқа баратын керемет ана. Дастанның бойындағы футболға деген құлшынысты атасы байқапты. Бірақ сол ұшқыннан алау тұтатқан анасы. Дастанның анасы ұлының доптың артынан кетпей, білімге құлшынысын да жоғалтпаған. «Спорт жеңіс әкеледі, бірақ білім болашаққа жол ашады», деген ұранда.

Опубликовано "закулисное" видео с Дастаном Сатпаевым ᐈ новость от 14:42, 28  апреля 2025 на sportarena.kz

«Қайрат» футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмырза Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынын өткізді. Жас спортшының дебюті жанкүйерлер арасында қызу талқыланып, оған қолдау көрсеткендердің бірі – туған анасы Сәуле Рабаева болды.

Ойыннан кейін әлеуметтік желіде ұлына арнаған жазбасында Сәуле Рабаева былай деді:

«Сен – ең үздіксің, ұлым! Сен – менің мақтанышымсың. Қолыңнан келгеннің бәрін жасадың. Мен үшін сен ең мықтысың. Жүрегім, алда сені үлкен биіктер күтіп тұр. Берілме. Әрқашан жаныңдамын. Саған сенемін. Әрқашан сеніп келемін».

Бұл сөздер жас қақпашыны қолдаған мыңдаған жанкүйердің жүрегінен орын алып, әлеуметтік желілерде кең тарады.

Мама голкипера «Кайрата» Шерхана Калмурзы стала звездой

Ол кішкентайынан өте ширақ, спортқа бейім болды. 4 пен 7 жас аралығында джиу-джитсуға қатысып жүрді. Шерханның кішкентайынан бойы ұзын, денесі ірі болды, жарыстардың бірінде оны өзінен бірнеше жас үлкен балалармен жекпе-жекке шығарды, екеуін жеңді, сөйтіп 12 жасар қарсыласынан ұтылып қалып, әбден ызаланып жылағаны бар. Ашуым келіп, баламды үйірмеден әкетіп қалдым, бөтен біреудің әділетсіздігінің құрбаны болғанын қаламадым, әйтпесе жап-жақсы нәтижелер көрсетіп жүрген.

Жарыстан келген соң әкем немересін футболға беруді қалайтынын айтты. Біздің әулетте ұл бала жоқ, үш қызбыз. Бірақ әкем маған кішкентайымнан футбол ойнауды үйреткен. Өзім спортқа құмар болсам да, кәсіби жалғастыра алмадым, дейді ол

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары