$ 549.15  643.88  6.71

Мбаппе Алматыда жаңа рекорд орнатты

Бұл жетістік франциялық ойыншының есімін клуб тарихында қалдырды.

Фото: ФК Қайрат
Фото: ФК Қайрат

Мадридтік “Реалдың” шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының екінші турында алматылық “Қайраттың” қақпасына хет-трик жасап, нағыз шоу көрсетті, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл жетістік франциялық ойыншының есімін клуб тарихында қалдырды. Мбаппе бір маусымдағы турнирде “корольдік клубтың” алғашқы үш голын соққан тұңғыш футболшы атанды.

2025/26 маусымын Мбаппе тамаша бастады. “Реал” сапында тоғыз ойында 13 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Чемпиондар лигасында Килиан бомбардирлер жарысында бес голмен көш бастап тұр. Ең жақын қарсыластары – “Бавариядан” Харри Кейн мен Майкл Олисе, сондай-ақ “Айнтрахттан” Жонатан Буркард.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары