06.10.2025, 17:00

Елена Рыбакина әлемдік рейтингте ТОП ондыққа қайта оралды

Фото: Getty sport

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық разрядтар бойынша жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жекелей сында үздік қазақстандық теннисші Елена Рыбакина бір саты жоғарылап, тоғызыншы орынға көтерілді. Ал еліміздің екінші ракеткасы Юлия Путинцева өз орнын сақтап, 63-позицияда қалды.

Бұрын Қазақстан құрамасында ойнаған Зарина Диас рейтингте 30 орынға төмендеп, 262-ші орынға түсті. Сондай-ақ жас теннисші Жібек Құламбаева да 21 саты төмендеп, 340-орынға жайғасты.

WTA рейтингінің алғашқы үштігі өзгеріссіз қалды: көш басында Арина Соболенко (Беларусь), екінші орында Ига Швёнтек (Польша), ал үздік үштікті Кори Гауфф (АҚШ) түйіндеді.

Жұптық сында Қазақстанның үздік теннисшісі Анна Данилина бір саты жоғарылап, әлемдік рейтингтің 12-орнына көтерілді. 

Жұптық рейтингтің үздік үштігінде де өзгеріс жоқ: Катерина Синякова (Чехия), Тейлор Таунсенд (АҚШ) және Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия) көш бастап тұр.