$ 547.57  642.63  6.68

Тарихи сәт: Әйгілі «Алтын доп» иегері өзбек футболшыларын жаттықтыратын болды

Бұл туралы Өзбекстан футбол қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Bel football
Фото: Bel football

2006 жылғы футболдан әлем чемпионы және «Алтын доп» жүлдесінің иегері Фабио Каннаваро өз жаттықтырушылар құрамымен бірге Өзбекстанға барды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Өзбекстан құрамасының бас бапкері қызметіне үміткер Фабио Каннаваро өз жаттықтырушылар штабымен бірге Ташкентке келді», – делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін БАҚ-та Каннавароның Өзбекстан құрамасының бас бапкері қызметін қабылдауға ауызша келісім бергені хабарланған болатын. Өзбекстан футбол қауымдастығы италиялық маманмен келіссөздердің жүргенін ресми түрде растады.

Фабио Каннаваро 2026 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасын басқарады. Құрама бұл турнирге жолдама алған болатын. Тараптар келісімшарттың шарттарын алдын ала келіскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары