16.10.2025, 16:20

«Жақында…»: Қазақстанның ең сұлу боксшысы маңызды жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді

Фото: 1bol.kz

Жақында үлкен жекпе-жек күтіп тұр

Қазақстанның ең сұлу боксшысы атанып кеткен Балауса Мұздыман алдағы уақытта маңызды жекпе-жек өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Боксшы осы ақпаратты өзінің Instagram парақшасында жазды.

 "Жақында үлкен жекпе-жек күтіп тұр", – деп жазды Балауса Мұздыман.

Айта кетейік, спортшы бұған дейінгі сұхбаттарында бес жыл ішінде бес белбеуге қол жеткізу — басты мақсатының бірі екенін айтқан еді.