09.12.2025, 23:30

«Қайрат» футболшылары «Олимпиакостан» ұтылып қалды

Фото: ФК "Қайрат"

73 минутта қарсылас сапынан Мартинш есеп ашты.

Алматылық «Қайрат» 0:1 есебімен «Олимпиакостан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстан мен Грецияның командалары арасындағы кездесу Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы тур ойыны «Астана Аренада» өтті. Қонақтар 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның жалғыз голын 73-минутта португалиялық шабуылшы Желсон Мартинс соқты. Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков матч барысында алты сейв жасады.

Кездесу бойы алаң иелері қарсылас қақпасына небәрі бір рет қана дәл соққы бағыттады — ол қосымша уақытта тіркелді. Команданың көшбасшыларының бірі Дастан Сәтпаев дисквалификацияға байланысты бұл матчқа қатыса алмады.

Тегтер: Қайрат футбол