10.12.2025, 11:00

Темірлан Анарбеков УЕФА марапатына ие болды (ВИДЕО)

Фото: Instagram/anarbekov_temirlan77

9 желтоқсанда Астанада өткен кездесуде қазақстандық қақпашы қарсыластың бірнеше қауіпті шабуылын тоқтатып, жалпы сегіз сейв жасады.

22 жастағы Темірлан Анарбеков гректің "Олимпиакос" командасына қарсы өткен матчта үздік ойыншы атанды, алайда ойын нәтижесі Қазақстан командасы үшін сәтсіз аяқталды. 9 желтоқсанда Астанада өткен кездесуде қазақстандық қақпашы қарсыластың бірнеше қауіпті шабуылын тоқтатып, жалпы сегіз сейв жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

 

Алматылық «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков УЕФА нұсқасы бойынша «Қайрат» – «Олимпиакос» матчының үздік ойыншысы атанды.

«Матчтың үздік ойыншысы болып Темірлан Анарбеков танылды. УЕФА-ның техникалық бақылаушылар тобының айтуынша, оның көптеген сейвтері Олимпиакостың үлкен жеңіске жетуіне жол бермеді», – деп жазды УЕФАның ресми ақпарат көзі.

Бұл "Қайратты" ірі есеппен ұтылудан сақтап қалды.

Ал "Олимпиакос" биылғы Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізсе, "Қайрат" турнирдегі бесінші жеңілісін тіркеді.