Бүгін ұлттық құраманың алты бірдей мүшесі жартылай финалда сынға түседі.
Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әуесқой бокстан әлем чемпионатында қазақ боксшылары тарихи нәтижені қайталады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін ұлттық құраманың алты бірдей мүшесі жартылай финалда сынға түседі. Жекпе-жектердің нақты жұптары белгілі болды.
Жартылай финал жұптары:
48 кг: Теміртас Жүсіпов – Эдмонд Худоян (Ресей)
54 кг: Сәкен Бибосынов – Тапа Чандра Бахадур (Непал)
57 кг: Оразбек Асылқұлов – Андрей Пегливанян (Ресей)
63,5 кг: Ертуған Зейнуллинов – Илья Попов (Ресей)
71 кг: Абылайхан Жүсіпов – Ихтияр Нишонов (Қырғызстан)
75 кг: Сабыржан Аққалықов – Фазллиддин Эркинбоев (Өзбекстан)
Жекпе-жектердің басталу уақыты:
17:00–19:00 • 48 кг: Жүсіпов – Худоян (17:00) • 54 кг: Бибосынов – Бахадур (17:45) • 75 кг: Аққалықов – Эркинбоев (19:00)
22:00–23:45 • 57 кг: Асылқұлов – Пегливанян (22:30) • 63,5 кг: Зейнуллинов – Попов (23:15) • 71 кг: Жүсіпов – Нишонов (23:45)
Чемпионаттың жүлде қоры
Турнирдің қаржылық сыйақы қоры да рекордтық деңгейде: • чемпионам – 300 000 доллар, • күміс жүлдегерлерге – 150 000 доллар, • қола жүлдеге – 75 000 доллар, • ширек финалға шыққандарға – 10 000 доллар беріледі.
Әлем чемпионаты 4–13 желтоқсан аралығында өтеді.