Трофейдің көрсетілімі халықаралық тур аясында өтеді. Т
26 қаңтарда Алматы әлемдік футбол қоғамдастығының назарында болады — қалаға FIFA World Cup түпнұсқа кубогы жеткізіледі. Бұл бірегей іс-шара мегаполис тұрғындары мен қонақтарына әлем футболының басты нышанын көзбе-көз көруге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Трофейдің көрсетілімі халықаралық тур аясында өтеді. Тур Алматы қаласы әкімдігі, Қазақстан футбол федерациясы және іс-шараның демеушісі - Coca-Cola компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған. Бұл шара бұқаралық спортты дамытуға және жастар арасында футболды кеңінен танымал етуге елеулі үлес қосады. Бұл оқиғаның бірегейлігі - трофейдің Алматыда небәрі бірнеше сағат қана болуы. Сондықтан бұл оқиға қаламыз үшін шын мәнінде сирек әрі аса маңызды сәт болып саналады.