11.12.2025, 21:30

Сәкен Бибосынов әлем чемпионатында алтын медальға таласады

Фото: ҰОК

Отандасымыз жартылай финалда непалдық Тпапа Чандра Бахадурмен қолғап түйістірді.

Халықаралық бокс ассоциациясы (IBA) аясында Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан әлем чемпионатында ел құрамасынан Сәкен Бибосынов (54 келі) финалға шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Отандасымыз жартылай финалда непалдық Тпапа Чандра Бахадурмен қолғап түйістірді.

Алғашқы екі раундта қазақстандық боксшының басымдығы айқын аңғарылды. Бұл қарқынын шешуші раундта да жалғастыра алды. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетіп, финалға жолдама алды. Ол енді алтын жүлдені ресейлік Вячеслав Рогозинмен сарапқа салады.