$ 494.66  581.87  6.43

Нариман Курбанов әлем кубогы кезеңінде қола медаль алды

Отандасымыз финалда 14.933 балл жинады.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Котбус қаласында (Германия) өтіп жатқан спорттық гимнастикадан 2026 жылдың алғашқы әлем кубогында Қазақстан қоржынына медаль түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл додада Нариман Курбанов тұтқалы ат снарядындағы жаттығуда қола медаль иеленді. 

Отандасымыз финалда 14.933 балл жинады. Тағы бір отандасымыз Зейнолла Ыдрысов ақтық сында 4-сатыға жайғасты (14.933 ұпай). 

Тұтқалы ат снарядындағы жүлдегерлер:

1. Габриэле Таргетта (Италия) 15.000

2. Мамикон Хачатрян (Армения) 14.966

3. Нариман Курбанов (Қазақстан) 14.933.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0