27.02.2026, 15:20

Олимпиада ойындарының жүлдегері Нариман Құрбанов әке атанбақ (ФОТО)

Фото: instagram.com/n_kkz

Нариман Құрбановтың жары – отандық гимнаст Аида Бауыржанова.

Спорттық гимнастикадан Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов жанкүйерлеріне қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

"Балапанымызды күтудеміз", - деп жазды ол.

Айта кетейік, Нариман Құрбановтың жары – отандық гимнаст Аида Бауыржанова. Жас жұбайлар 2024 жылы Париж Олимпиадасынан кейін шаңырақ көтерген.

Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге қол жеткізді. Ақтық сында ол 15.443 ұпай жинап, елімізге спорттық гимнастикадан Олимпиаданың алғашқы медалін сыйлады.

Осыдан кейін Нариман Құрбановқа спорттық гимнастикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері атағын табыстаған.