$ 493.85  571.78  6.25

Футболшы Нұралы Әліп қымбат көлігін Ақтаудан Санкт-Петербургке алдыртты

Футболшы көлігін қабылдап алу кезінде бұған дейін де көлігін елден Ресейге бірнеше рет жеткізгенін айтты.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының және «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліптің Ақтаудан Санкт-Петербургке жол талғамайтын қымбат көлігін арнайы алдыртқаны белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл туралы ақтаулық логистика қызметін көрсетуші Әнуар есімді азамат желіде бейнежазба жариялады. Оның айтуынша, Ақтаудан эвакуатор арқылы жеткізілген «Mercedes Gelandewagen» көлігі Санкт-Петербургке үш күнде жеткен.

Футболшы көлігін қабылдап алу кезінде бұған дейін де көлігін елден Ресейге бірнеше рет жеткізгенін айтты.

«Ақтаудан Санкт-Петербургке үш күнде жеткізді. Бұған дейін де 5–6 мәрте көлігімді осылай алдырттым», — деді футболшы.

Белгілі футболшы бұған дейін де қымбат көліктерімен көзге түскен еді. Ол бірнеше жыл бұрын «Mercedes» компаниясының Е класына жататын седан үлгісіндегі қымбат көлігін сатып жатқан сәтін желіде жариялаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0