$ 493.85  571.78  6.25

Қазақ бүркітшісі Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Дүбірлі додаға 10 мемлекеттен 30-дан астам құсбегі қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.      

Фото: Абай облысының әкімдігі
Фото: Абай облысының әкімдігі

Моңғолияның астанасы Ұланбатыр қаласында 6-8 наурыз күндері құсбегіліктен II Әлем чемпионаты өтті, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Аталған халықаралық жарыста Қазақстан құрамасының намысын 3 спортшы қорғады. Солардың қатарында Абай облысының тумасы, Үржар ауданының бүркітшісі Ерзат Байқадамов жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі II орынды иеленді. Дүбірлі додаға 10 мемлекеттен 30-дан астам құсбегі қатысып, өз шеберліктерін көрсетті.      

Жарыс қорытындысы:

  • 1-орын – Серік Жеңісбек (Моңғолия)
  • 2-орын – Ерзат Байқадамов (Қазақстан)
  • 3-орын – Бүркітхан Хайзым (Моңғолия)

Айта кетейік, құсбегіліктен I Әлем чемпионаты 2022 жылы Абай облысының Үржар ауданында ұйымдастырылған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0