$ 470.46  543.1  5.86

«Мақсатым – әлем чемпионы атану»: Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой боксқа бет бұрды

Бұны боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Бокстан Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев кәсіпқой боксқа ауысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, алдағы уақытта келісімшарттар жасасып, басты мақсаты – әлем чемпионы атану.

"Париж Олимпиадасы 2024-нан кейін біраз үзіліс алып, кәсіпқой бокстағы мансабымды жалғастыру мақсатында Лондон қаласына келдім. Қазір жаттығуды бастап кеттім. Алдағы уақытта келісімшарттар жасасып, жанкүйерлерді жақсы жаңалықпен қуантамын деп үміттенемін. Ендігі мақсат – аянбай еңбек етіп, көк байрақты желбіретіп, әлем чемпионы атану", – деді Қоңқабаев.

Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев – әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Сондай-ақ, Азия чемпионатында төрт рет күміс медаль еншілеген. 2021 жылы Токио Олимпиадасында қола жүлдеге ие болды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0