$ 479.82  559.9  6.15

Нұрбек Оралбай Азия чемпионы атанды

Фото: ҚБФ
Фото: ҚБФ

2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасына үшінші алтын медальді сыйлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық боксшы өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен кездесіп, жекпе-жекті басымдықпен бастады. Бірінші раундты 5:0 есебімен аяқтап, екінші раундта да үстемдігін сақтады. Шешуші раундта да білгенінен жаңылмаған Нұрбек төрешілердің шешімімен жеңімпаз деп танылды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0