$ 479.82  559.9  6.15

«Мың доллар оқиғасы»: Сабыржан Аққалықовтың бапкері шәкіртін қалай жігерлендіргенін айтты (ВИДЕО)

"Бұл — спортшыларға аз да болса қолдау көрсету".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

2026 жылғы бокстан Азия чемпионы атанған Сабыржан Аққалықовтың жеке бапкері Александр Насибулин шәкіртін тек жаттығумен ғана емес, ерекше тәсілмен де жігерлендіргенін айтты, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің жетекшісі Назерке Сұлтанбекке берген сұхбатында бапкер спортшыны қаржылай ынталандыру әдісін түсіндірді.

Оның сөзінше, бұл жай ғана қолдау емес, нақты шартқа құрылған келісім болған.

«Алдын ала келісіп алдық: егер жеңсе — мың доллар беремін, ал жеңілсе — маған екі мың доллар қайтарады. Яғни, жеңсең — табасың, жеңілсең — екі есе өтейсің. Әділ шарт», — деді бапкер.

Бұл келісім чемпионат басталмай тұрып жасалған. Насибулиннің айтуынша, ол шәкіртінің жеңісіне сенгенімен, әзіл ретінде жеңілген жағдайда көбірек қаржы аламын деп ойлаған.

«Шынымды айтсам, екі мың аламын деп үміттендім (күледі). Бірақ керісінше, мың долларды өзім беруге тура келді. Дегенмен бұл — спортшыларға аз да болса қолдау көрсету», — деді ол.

Еске салайық, Сабыржан Аққалықов Ұланбатырда өткен Азия чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақта топ жарып, ел қоржынына алтын медаль салған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0