$ 469.52  553.75  6.15

Бибісара Асабаева ФИДЕ рейтингісінде бірнеше сатыға көтерілді

Қазіргі таңда рейтинг көшін Қытай шахматшылары бастап тұр: Хоу Ифань (2596,0), Лэй Тинцзе (2566,0) және Цзюй Вэньцзюнь (2559,0).

Фото: fide.com
Фото: fide.com

Бибісара Асаубаева 2026 жылғы Үміткерлер турниріндегі сәтті өнерінің нәтижесінде ФИДЕ рейтингінде айтарлықтай алға жылжыды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Кипрдің Пафос қаласында өткен беделді дода қорытындысы бойынша отандасымыз екі сатыға көтеріліп, әлемдік рейтингте 7-орынға жайғасты. Оның рейтингі 2527,2 ұпайға жетіп, бірден +11,2 ұпайға артты. Бұл нәтиже Бибісараның әлемдік шахмат элитасындағы орнын нығайта түскенін аңғартады.

Қазіргі таңда рейтинг көшін Қытай шахматшылары бастап тұр: Хоу Ифань (2596,0), Лэй Тинцзе (2566,0) және Цзюй Вэньцзюнь (2559,0).

Үміткерлер турнирінде Асаубаева тұрақты ойын өрнегін көрсетті. Ол 14 партияның төртеуінде жеңіске жетіп, жетеуін тең аяқтады және тек екі кездесуде ғана жеңіліс тапты. Нәтижесінде 8 ұпай жинап, турнирдің күміс жүлдегері атанды.

Жарыс жеңімпазы – үндістандық Рамешбабу Вайшали, ол қазақстандық шахматшыдан небәрі 0,5 ұпайға озып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0