$ 493.15  574.17  6.77

Мерзімінен бұрын чемпион атануы мүмкін: Бибісара Асаубаеваға қатысты қуанышты ақпар шықты

Осылайша Бибісара 15,5 ұпай жинап, өзінен кейін тұрған қарсыласы Анна Музычуктен 5 ұпайға ұзап кетті.

Фото: Әлеуметтік желі
Фото: Әлеуметтік желі

Қазақстандық шахматшы, үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Norway Chess-2026 турнирінде көшбасшылығын нығайтып, қарсыластарынан оқ бойы озып шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сегізінші турда қазақстандық спортшы қара тастармен үндістандық Дивья Дешмукхті жеңіп, турнирдегі үшінші классикалық жеңісіне қол жеткізді. Кездесу барысында компьютерлік бағалау ұзақ уақыт бойы үндістандық шахматшының пайдасына болғанымен, Асаубаева маңызды жеңіске жетті.

Осылайша Бибісара 15,5 ұпай жинап, өзінен кейін тұрған қарсыласы Анна Музычуктен 5 ұпайға ұзап кетті.

Енді тоғызыншы турда Асаубаева ақ тастармен дәл осы Музычукке қарсы ойнайды. Егер қазақстандық шахматшы классикалық партияда жеңілмесе, онда турнир аяқталмай тұрып-ақ Norway Chess-2026 чемпионы атанады.

Соңғы турда Бибісара әлем чемпионы Цзюй Вэньцзюньмен қара тастармен кездеседі. Бірінші айналымда қазақстандық шахматшы қытайлық гроссмейстерге мат қойған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0