10.06.2026, 18:20

«Уайымдамаңыздар»: Шавкат Рахмоновтың экс-әйелі күйеуімен қарым-қатынасы туралы айтты

Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94, instagram.com/kerey_khan03

Танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әйелі Гүлайым Рахмонова татуласқандарын жоққа шығарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Біраз уақыт бұрын берген сұхбатында ол спортшымен ажырасып жатқанын айтқан болатын. Кейін қоғамда олардың татуласқаны туралы қауесет тарады.

«Ажырасу процессі әлі аяқталған жоқ. Әйтпесе татуласып кетті ма, татуласып қалама деп қайғырып жүргендер бар өз арамызда. Уайымдамаңыздар процесс аяқталған соң сіздерге айтамын міндетті түрде», - деп жазған ол желіге.