12.06.2026, 12:40

Қытайдағы Әлем кубогында ел намысын кімдер қорғайтыны белгілі болды

Фото: olympic.kz

Бас бапкер Нұржан Асанов бастаған бапкерлер штабы халықаралық додада ел намысын қорғайтын тоғыз боксшыны таңдады.

15 маусым күні Қытайда бокстан World Boxing Cup турнирі басталады. Аталған жарысқа қатысатын Қазақстан ұлттық құрамасының құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Бас бапкер Нұржан Асанов бастаған бапкерлер штабы халықаралық додада ел намысын қорғайтын тоғыз боксшыны таңдады. Құрама сапында әлем және Азия чемпионаттарының жүлдегерлері мен тәжірибелі спортшылар бар. Қазақстан құрамасының құрамы: 50 келі – Санжар Тәшкенбай; 55 келі – Тимур Қабдешов; 60 келі – Серік Теміржанов; 65 келі – Санатәлі Төлтаев; 70 келі – Абылайхан Жүсіпов; 75 келі – Тимур Нұрсейітов; 80 келі – Сабыржан Аққалықов; 90 келі – Нұрбек Оралбай; +90 келі – Айбек Оралбай. Айта кетейік, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай мен оның ағасы Айбек Оралбай да бұл жолы Қазақстан құрамасының қатарында өнер көрсетеді. Сондай-ақ әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай мен тәжірибелі боксшы Абылайхан Жүсіповке жанкүйерлер үлкен үміт артып отыр. World Boxing ұйымының аясында өтетін бұл турнир әлемнің үздік боксшыларын жинайтын беделді жарыстардың бірі саналады. Қазақстан құрамасы Қытайдағы додада жоғары нәтиже көрсетіп, медальдар үшін таласуды көздеп отыр.