13.06.2026, 01:30

«Қартайғанда осылардың қызығын көресің»: Шавкат Рахмоновтың балаларымен түскен суреті тарады

Коллаж: sn.kz

Instagram парақшасында жарияланған кадрда Шавкат Рахмонов екі баласымен бірге дәмханалардың бірінде отырған.

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде балаларымен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Instagram парақшасында жарияланған кадрда Шавкат Рахмонов екі баласымен бірге дәмханалардың бірінде отырған.

Гүлайым Рахмонова «Shavkat team» деп қысқаша сипаттама қалдырған.

Фотосурет желі қолданушыларының назарын аударып, көпшілік отбасы мүшелеріне жылы лебіздерін білдірді.

"Барлығына ерегіскеннен ажыраспаңыз", "Біреудің отбасы үшін мен неге қуанып отырмын", "Ертең қартайғанда осы ханшайым қыздарыңыздың көресіз қызығын.Қыздар деген әкеге жақын болады. Алла тағала берген қыздарыңыз аман болсын", "Қандай керемет, балалары өсіп қалыпты", деді олар.