28.07.2026, 18:30

«Сіздер оған тәнті боласыздар»: «Челси» бапкері Дастан Сәтпаев туралы пікір білдірді

коллаж: SN.kz

Сондай-ақ бапкерден Сәтбаевтың Англия Премьер-лигасында ойнауға физикалық дайындығы жеткілікті ме деген сұрақ қойылды.

Лондондық «Челси» клубының бас бапкері Хаби Алонсо қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың жолдастық матчтағы жарқын дебютінен кейін оған жоғары баға берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Австралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» командасын 6:4 есебімен жеңгеннен кейін испаниялық маманнан 17 жастағы қазақстандық футболшының ойыны мен алдағы маусымдағы мүмкіндігі туралы сұралды.

«Мен Дастанды былтырдан бері, Алматыдан бері білемін. Оның ерекше ойыншы екені бірден байқалады. Ол қарсылас қақпасына үнемі қауіп төндіреді, орталық шабуылшының маңындағы бос аймақтарға өте жақсы ашылады және қанаттан тиімді шабуылдайды. Бұл – оның клубтағы алғашқы тәжірибесі, бірақ ол өзін жақсы қырынан көрсетті», – деді Хаби Алонсо.

Сондай-ақ бапкерден Сәтбаевтың Англия Премьер-лигасында ойнауға физикалық дайындығы жеткілікті ме деген сұрақ қойылды.

«Ол өте мықты әрі өте жылдам. Оған қарап шынымен тәнті боласыздар», – деп қысқа қайырды испаниялық маман.

Еске салайық, Австралиядағы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиыны аясындағы «Вестерн Сидней Уондерерс»клубына қарсы кездесуде Дастан Сәтбаев матчтың алтыншы минутында есеп ашып, «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты. Бұл ойында лондондық клубтың өзге ойыншыларынан Дариу Эссугу мен Джейми Гиттенс бір-бір голдан соқса, Жоау Педру хет-трик авторы атанды.