29.07.2026, 11:00

17 жастағы қазақ балуаны грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Фото: UWW

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы финалда Венгрия өкілі Кеве Ковачты жеңді. 

Қазақстандық балуан Дияр Аманәлі Әзірбайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан U17 жасөспірімдер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық спортшы финалда Венгрия өкілі Кеве Ковачты жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Алтын жүлдеге дейінгі жолда Дияр Аманәлі бірнеше мықты қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Ол Грекиядан Николаос Зинисті, Ресейден Эдем Пайзиевті, Грузиядан Георгий Кеделидзені және Болгариядан Данимир Йордановты жеңіп шықты.

Айта кетейік, бұған дейін осы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір жүлде түскен болатын. 48 келі салмақ дәрежесінде белдескен Әли Алмас күміс медаль иеленген еді.