$ 477.17  543.26  6.01

Семсерлесуден Әлем чемпиондары 15 мың доллар көлемінде сыйақы алады

8,5 миллион теңге көлемінде табыс табады.

Фото: Инстаграм
Фото: Инстаграм

Қазақстанның шпагамен семсерлесуден ерлер құрамасы Қытайдың Гонконг қаласында өткен әлем чемпионатында ел тарихындағы алғашқы алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Финалда қазақстандық спортшылар Украина құрамасын 45:40 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының ең жоғары тұғырына көтерілді. Бұл – Қазақстанның семсерлесу тарихындағы тұңғыш әлем чемпиондығы.

Ел намысын Ерлік Сертай, Руслан Құрбанов, Кирилл Прохоров және Вадим Шарлаимов қорғады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінде Халықаралық семсерлесу федерациясы командаға 50 мың доллар көлеміндегі сертификатты табыстады. Бұл қаржы төрт спортшыға теңдей бөлініп, әрқайсысы 12,5 мың доллардан алады.

Сонымен қатар қолданыстағы заңнамаға сәйкес, олимпиадалық спорт түрінен әлем чемпионы атанған әрбір қазақстандық спортшыға мемлекет тарапынан тағы 15 мың доллар көлемінде сыйақы қарастырылған.

Осылайша, тарихи жеңіс үшін спортшылар 17,5 мың доллар немесе шамамен 8,5 миллион теңге көлемінде табыс табады.

Айта кетейік, қазақстандық спортшылар олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионаттарында алтын жүлдені жиі иелене бермейді. Мәселен, 2025 жылы әлем чемпионы атанғандар қатарында тек бокс пен грек-рим күресінің өкілдері болды.

Семсерлесу әлемдегі ең жоғары бәсекелестікке ие спорт түрлерінің бірі саналады. Осы уақытқа дейін әлем чемпионатының алтын жүлдесін небәрі 32 мемлекет жеңіп алған. Енді сол тізімге Қазақстан да қосылып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0