30.07.2026, 22:30

Танымал екі футболшысы жол апатынан қаза тапты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Олар «Гобу» футбол клубында ойнаған

Гобу-Локбатан автожолында 29 шілде күні кешке ауыр жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Oxu.az мәліметінше, мемлекеттік тіркеу нөмірі 99-EN-361 «Toyota» маркалы жеңіл автокөлігі «Ford Transit» шағын автобусымен соқтығысқан.

Апат салдарынан «Toyota» автокөлігінде болған Бахруз Султанов пен Рауф Гусейнов оқиға орнында қаза тапты. Ал «Ford Transit» жүргізушісі түрлі жарақаттар алды.

Қаза тапқандар «Гобу» футбол клубының ойыншылары болған.