29.10.2026, 16:40

Роналду «Алтын доп» тарихындағы ең үздік жеңімпаз атанды

Фото: Instagram/cristiano

Дауыс беру қорытындысында Роналдудың 2008 жылы алған алғашқы «Алтын добы» үздік деп танылды. 

Португалиялық футболшы Криштиану Роналду жанкүйерлер дауыс беруінің нәтижесінде «Алтын доп» сыйлығының тарихындағы ең үздік иегер деп танылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Марапаттың 70 жылдығына орай ұйымдастырушылар ресми сайтта B.O.A.T. (Ballon d’Or Of All Time) атты арнайы дауыс беру өткізді. Жанкүйерлер әр дауыс үшін 1 еуро төлеген.

Дауыс беру қорытындысында Роналдудың 2008 жылы алған алғашқы «Алтын добы» үздік деп танылды. Сол кезде португалиялық футболшы Англияның «Манчестер Юнайтед» клубында өнер көрсеткен.

2007/08 жылғы маусым Роналду үшін ерекше табысты болды. Ол Англия премьер-лигасында 31 гол соғып, командасының ел чемпионатында топ жаруына көмектесті. Сонымен қатар Чемпиондар лигасында сегіз голмен үздік сұрмерген атанып, клубымен бірге турнир жеңімпазы болды.

Жалпы сол маусымда футболшы 49 матчқа қатысып, 42 гол соқты. Жоғары нәтижесінің арқасында 2008 жылы мансабындағы алғашқы «Алтын допты» иеленді.