30.10.2026, 12:20

Балуан Едіге Қасымбек әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Фото: ҰОК

Нәтижесінде Едіге қарсыласын мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.  

Қазақстандық балуан Едіге Қасымбек Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Еркін күрестен 125 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз іріктеу кезеңінде Грузия өкілі Александр Абрамишвилимен кездесті.

Нәтижесінде Едіге қарсыласын мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға жолдама алды.