30.10.2026, 15:20

Елена Рыбакина Токио турнирінің жартылай финалынан тыс қалды

Фото: Koji Watanabe/Getty Images

Е.Рыбакина бәсеке алдында жарақаты бар екендігін мәлімдеп, матчқа қатысудан бас тартты. 

Қазақстанның және әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио (Жапония) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингіде 23-орындағы канадалық Лейла Фернандеспен ойнауы тиіс еді. 

Алайда Е.Рыбакина бәсеке алдында жарақаты бар екендігін мәлімдеп, матчқа қатысудан бас тартты. 

Өткен аптада қазақстандық спортшы Нинбо (Қытай) WTA 500 додасының финалында Л.Фернандесті 6:2, 6:2 есебімен жеңген еді. 

Осылайша, Л.Фернандес ойнамастан жартылай финалға жолдама алды. Ол финалға шығу үшін әлемнің 66-ракеткасы, өзбекстандық, түбі ресейлік Камилла Рахимовамен таласады.

К.Рахимова ширек финалда рейтингіде 94-сатыдағы аустралиялық Майя Джойнтты қапы қалдырды – 7:5, 5:7, 6:1.