30.10.2026, 22:20

Алтын Шагаева күрестен әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Фото: ҰОК

Ал Алтын Шагаева әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.

Қазақстандық балуан Алтын Шагаева Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатының финалдық бөлігінде бақ сынады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әйелдер күресінен 59 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен отандасымыз қола медаль үшін өткен белдесуде Моңғолия өкілі Болортуя Хурэлхуумен кездесті.

Нәтижесінде моңғолиялық балуан 8:0 есебімен жеңіске жетті.

Ал Алтын Шагаева әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады.