03.11.2026, 21:30

Қазақстандық екі балуан допинг үшін екі жылға жарыстардан шеттетілді

Фото: Әлеуметтік желі

Қазақстандық балуандар Нұрсұлтан Садық пен Сабина Төрей допинг қолданғаны үшін екі жылға дисквалификацияланды. Бұл туралы Sportarena.kz хабарлады.

Жамбыл облысының атынан сынға түсетін еркін күрес шебері Нұрсұлтан Садықтың сынамасынан тыйым салынған кломифен препараты анықталған. 29 жастағы балуан 2026 жылғы 22 қаңтардан 2028 жылғы 21 қаңтарға дейін жарыстарға қатыса алмайды.

Ал Батыс Қазақстан облысының өкілі, 20 жастағы балуан Сабина Төрейдің сынамасынан сибутрамин табылған. Ол 2026 жылғы 4 тамыздан 2028 жылғы 3 тамызға дейін спорттан шеттетілді.

Айта кетейік, допинг дауына дейін Нұрсұлтан Садық Қазақстанның ұлттық құрамасында, ал Сабина Төрей жасөспірімдер құрамасында өнер көрсеткен.