"Жаны жәннатта болсын".
Португалия құрамасының капитаны әрі Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында өнер көрсететін Криштиану Роналду футбол алаңында қаза тапқан Хесус де Мигельдің өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол марқұмның жақындарына көңіл айтып, болған жағдайды ауыр қасірет деп атады.
Роналду қайғылы хабарға байланысты әлеуметтік желіде жазба жариялап, футболшының отбасына қолдау білдірді.
«Үлкен қасірет. Айтарға сөзім жоқ... Отбасына барынша қолдау білдіремін. Жаны жәннатта болсын», – деп жазды ол.
30 жастағы Хесус де Мигельдің қазасы әлемдік футбол қауымдастығына ауыр тиді. Қайғылы оқиғадан кейін марқұмның отбасына Лионель Месси, Ламин Ямаль, Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе және басқа да танымал футболшылар көңіл айтты.