$ 455.12 € 498.99 ₽ 5.55

«Футболшылардың атынан ұрамын»: Еркебұлан Тоқтар ардагер спортшы Қуат Хамитовты спаррингке шақырды

Видеода Еркебұлан Тоқтардың Қуат Хамитовқа Қазақстан футбол федерациясының атынан жұдырықтасатынын айтқанын көруге болады.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Қазақстандық жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар арадагер спортшы Қуат Хамитовпен спарринг өткізді. Ол Қуатты өз жаттығу залына шақырып, кездесудің алдында әзіл аралас мәлімдеме жасады, деп жазады Sn.kz ақпараттық порталы. 

Әлеуметтік желіде тараған видеода Еркебұлан Тоқтардың Қуат Хамитовқа Қазақстан футбол федерациясының атынан жұдырықтасатынын айтқанын көруге болады.

«Братан, мен сені Қазақстан футбол федерациясының атынан ұрамын. «Ордабасы» да – біздің демеушіміз. Футболшылардың бәрі жиналып, маған ақша жинап берген. Солардың атынан ұрамын», – деп әзілдеді Еркебұлан.

Осылайша, ол Қуат Хамитовпен кездесуді футбол тақырыбымен байланыстырып, оның қытығына тиді.  
Айта кетейік, Қуат Хамитов бұған дейін еліміздің футболы мен футболшыларын сынап, түрлі мәлімдемелері арқылы әлеуметтік желіде қызу талқылауға себепкер болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0