$ 498.34  519.72  4.85

"Астана" велокомандасының шабандозы жүк көлігімен соғысып қаза тапты

"Джиро д’Италия-2011" көпкүндігінің жеңімпазы "Астана" велокомандасының италиялық шабандоз Микеле Скарпони 37 жасында қайтыс болды деп жазады Sports.kz.

La Gazzetta dello Sport басылымының хабарлауынша, Скарпони бүгін таңертең жаттығу кезінде жүк көлігінің астына түсіп қалған. Жедел жәрдем санаулы минуттарда келіп жеткенімен, спортшы сол жерде есіне келместен қайтыс болыпты.

Айта кету керек, 17 сәуір күні Скарпони Альп-2017 көпкүндігінің бірінші кезеңін жеңіп алған болатын. Жалпы есепте ол жарыстың төртінші сатысына жайғасқан еді. Ол 2014 жылдан бері "Астана" сапында өнер көрсетіп келді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары