Спорт 07.06.2017 сағат 10:46

Джеки Чан қазақ балаларын кунг-фуға тәрбиелемек

Әйгілі Қытай актеры Джеки Чан Қазақстанда кунг-фу мектебін ашуды жоспарлап отыр деп жазады Қазақпарат. Бұл туралы ол бүгін Астанадағы Қазмедиа орталығында өткен баспасөз мәжілісінде айтты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Қазір Бейжіңде кунг-фу бойынша жаттығулар жүргізудеміз, алдағы жылы онда мектебімізді ресми түрде ашуға ниеттіміз. Сондықтан да осы мүмкіндікті пайдалана отырып, осы өнерге қызығушылық танытқан адамдар Бейжіңге келіп, кунг-фуды меңгеруді өтінер едім. Бүгінде осы саладағы жұмыстарымыз жаңадан қарқын алуда, осы орайда болашақта барша әлемде мектептерді ашуға ниеттімін. Мүмкін Қазақстанда да кунг-фу мектебі ашылып қалар», - деді танымал актер.

Бұдан бөлек ол қайырымдылық шараларына да тоқталып өтті.

«Мен әрқашанда осы бағытқа үлесімді қосуға әзірмін. Сондықтан бұқаралық ақпарат құралдары көмекті қажет ететін проблемалар жайында жиі мәлімет таратса деген ұсынысым бар. Шын мәнінде Қазақстан жайында толық білмеймін. Негізінен әлем бойынша қайырымдылықпен айналысқан кезде БАҚ өкілдері маған қандай көмекті көрсетуге болатындығы жайында хабардар ететін», - деп түйіндеді сөзін Джеки Чан.

Еске сала кетейік, әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, әнші, миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аңыз адам - Джеки Чан кеше алғаш рет Астанаға аяқ басты. Шараның басты ұйымдастырушылары - «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар