$ 446.49  475.38  4.79

Геннадий Головкин Қарағандыға келіп, өзінің құрметіне салынған спорт кешенін ашып берді

Қарағандыда Геннадий Головкин атындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылды. Нысанның салтанатты ашылу рәсіміне кәсіпқой бокстан әлем чемпионының өзі келіп қатысты деп жазады Tengrinews.kz

Кешен ашылғаннан кейін жас спортшылар өздерінің алғашқы жаттығуларын бастап та кетті. Оларға елге танымал бапкерлер - Николай Цой, Николай Снегуров, Елена Котова, Дастан Аяпбек және Василий Черников иәлім бермек.

Жаңа спорт кешені Головкиннің туған жері Майқұдықта салынған. Нысанның құрылыс жұмыстары 2014 жылы басталған болатын. Үш қабатты ғимаратың жалпы аумағы 2384,3 шаршы метр.

Кешеннің екінші қабатында әмбебап спорт залы орналасқан. Мұндағы спорттық жарыстарды 100 адам трибунада отырып тамашалай алады. Сондай-ақ, дәл осы қабатта үлкен бассейн де бар. Үшінші қабат боксшылар үшін. Бокс залынан бөлек мұнда бапкерлер бөлмесі мен киім ауыстыру бөлмелері бар.

Жас спортшылар спорт кешенінде тегін жаттыға алады. Олар үшін спорттың бірнеше түрі, атап айтқанда, бокс, ауыр атлетика, жүзу және командалық ойындар қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары