$ 498.34  519.72  4.85

Қанат Исламның Головкин-Альварес жекпе-жегінде нокаут болмайтынын болжады

Қазақстандық кәсіби боксшы Қанат Ислам орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альврес (49-1-1, 34 КО) арасында өтетін жекпе-жекке болжам жасады деп жазады Vesti.kz.

"Менің ойымша Головкин жеңіске жетежі. Оған сәттілік тілеймін. Головкин - әлемдік жұлдыз, біз оның артынан еріп, білмегенімізді үйреніп жүрміз. Бірақ ол үшін бұл жекпе-жек оңайға соқпайды. Меніңше кездесу 12 раундқа созылады, - деді Қанат Ислам Астанада баспасөз конференциясында.

Айта кетейік, екі боксшы арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетіні ресми түрде жарияланды. "Канело" - Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары