$ 496  588.01  6.42

Астанада журналистер арасында шағын футболдан турнир өтеді

24 маусым Қ.Мұңайтпасов атындағы стадионда Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні қарсаңында журналистер арасында шағын футболдан жыл сайынғы дәстүрлі турнир өтеді.

10-нан астам БАҚ турнирге қатысуға өтініш білдіріп, командаларын жасақтаған. Жеңімпаздар кубокпен, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Шара Астана қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өтеді.

- Шағын футболдан турнир байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға, БАҚ өкілдерін спортпен шұғылдануға шақыру мақсатында ұйымдастырылады, - дейді ұйымдастырушалыр.

Өткен жылы чемпиондар кубогын «Қазақ радиосы» командасы жеңіп алса, күміспен «Хабар» телеарнасы күптелген, ал қола «Қазақстан» телеарнасына бұйырыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0