$ 498.34  519.72  4.85

Майк Тайсон Сауль Альварестің Головкиннен мықтырақ екенін айтты

Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютты чемпионы Майк Тайсон Головкин-Альварес жекпе-жегіне өз болжамын жасады. Оның пікірінше, аталған кездесуде мексикалық боксшы басым болады.

"Головкиннің Альвареспен жекпе-жегін асыға күтіп жүрмін. Бұл кездесу Флойд Мэйвезер мен Конор МакГрегор арасындағы жекпе-жектен де қызық болайын деп тұр. Нақты кімнің жеңетінін әрине білмеймін, бірақ Канело басымырақ болады", - деді әйгілі "Темір" Тайсон.

Оның айтуынша, Мэйвезер мен МакГрегордың арасындағы жекпе-жекте жеңімпаздың кім екені белгілі: "ол - әрине, Флойд. Тек, кездесу қанша минутқа созылатыны ғана қызық болғалы тұр", - дейді Тайсон.

Айта кетейік, Мэйвезер - МакГрегор кездесуі 26 тамызда Лас-Вегастағы T-Mobile аренада өтеді. Дәл осы кешенде 16 қыркүйек күні Головкин мен Альварес өзара мықтыны анықтамақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары