$ 442.05  474.14  4.74

Суррогат әйел Криштиану Роналдудың егіздерін дүниеге әкелді

Мадридтік "Реал" мен Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы, әлемнің ең үздік футболшыларының бірі Криштиану Роналду егіз ұлдардың әкесі атанды. Ресейде өтіп жатқан Конфедерация кубогінде өнер көрсетіп жатқан ол осынау қуанышты жаңалығымен кеше бөлісті.

Айта кетейік, кеше түнде Португалия ұлттық құрамасы жартылай финалдық матчта Чили құрамасымен кездесіп, негізгі уақытта 0:0 есебімен тең ойнаған болатын. Алайда, матч соңындағы пенальтиде оңтүстікамерикалық футболшылардың бағы жанды. Чили қақпашысы Клаудио Браво қатарынан үш пенальтиді қайтарып, өз командасын финалға финалға алып шығып отыр.

Криштиану Роналду болса үшінші орын үшін болатын кездесуге қатыспай, үйіне оралатынын мәлімдеді.

"Менің екі ұлым дүниеге келгенін біліп тұрсам да, ұлттық құраманың ойындарына барымды салдым. Өкінішке қарай, біз негізгі көздеген мақсатымызға жете алмадық. Бірақ, келесі жарыстарда ұлттық құраманың жанкүйерлеріне әлі талай қуаныш сыйлайтынымызға сенімдімін. Португалия футбол федерациясының президенті мен ұлттық құраманың бас бапкері бүгін маған ерекше көңіл-күй сыйлады, мен мұны ешқашан ұмытпаймын. Үйіме барып, балаларымды алғаш рет көргелі жатырмын, қуаныштымын", - деп жазды Роналду өзінің Facebook-парақшасында.

Айта кетейік, Роналдудың бұл егіздерден бөлек тағы бір ұлы бар. Оны да әйгілі футболшыға суррогат ана босанып берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары