$ 443.72  482.28  4.9

Криштиану Роналду егіздерінің суретін көрсетті

Футболдан Португалия ұлттық құрамасының және мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду егіз балаларының суретін әлеуметтік желіге жүктеді. Муррогат анадан туылған сәбилер маусым айының басында дүниеге келген болатын.

Бұған дейін балалардың жынысы туралы айтылмаған болатын. Суреттен белгілі болғандай, егіздердің бірі - ұл, екіншісі қыз екен.

"Өмірімдегі екі махаббатымды қолымда ұстап тұрудың өзі бақыт", - деп жазды Роналду Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, Роналду егіздердің дүниеге келгені туралы ақпаратты 28 маусым күні Ресейде өтіп жатқан Конфедерация кубогі барысында мәлімдеген болатын. Чили құрамасынан жеңіліп қалғаннан кейін Роналду үйінде күтіп отырған егіз балаларына баратынын, үшінші орын үшін болатын матчқа қатыспайтынын айтқан еді.

Егіздерге Роналду Ева және Матеу деген есім беріпті. Әйгілі футболшының 7 жасар ұлы бар екенін де айта кету керек. Оны да суррогат ана дүниеге әкелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары