$ 443.44  480.51  4.88

Данияр Елеусінов әуесқой боксқа қайта оралды

Бокстан Рио олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов ұлттық құраманың сапына қайта оралды деп жазады Қазақпарат. Бұл туралы боксшы портал тілшілеріне берген сұхбатында айтқан.

«Мен Ұлттық құрамаға қайта оралдым. Алла қаласа алдағы уақытта бұрынғыдай құрама сапында өнер көрсететін болам. Қазір Астанада отбасыммен бірге демалып жатырмын. Бұйырса дайындықты бастайтын күндерім де алыс емес», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, келесі олимпиадада ол 69 келі салмақта өнер көрсетпек ниетте. Ол үшін әрине, осы салмақтағы қарсыластарының бәрінен басым түсуі керек. Қазіргі таңда ұлттық құрамада 69 келіде Абылайхан Жүсіпов бар және жастар арасында Садриддин Ахмедов өсіп келеді.

Еске салайық, Данияр Елеусінов Олимпиада чемпионы болып келгеннен кейін кәсіпқой боксқа ауысқанын ресми мәлімдеген болатын. Ол австралиялық MJA Entertainment промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасып, АҚШ-қа көшуді де жоспарлап қойған. Алайда, соңғы сәтте келісімшарт бұзылып, Данияр Қазақстанға қайта оралды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары