Спорт 18.07.2017 сағат 03:25  597

Головкин – Сондерс жекпе-жегі биыл желтоқсанда өтуі мүмкін

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы британдық боксшы, WBO чемпиондық белбеуінің иесі Билли Джо Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен осы жылдың желтоқсан айында өз шәкіртінің Геннади Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Уоррен Головкин-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен Биллий Джо Сондерсті кездестірмекші. Аталған жекпе-жек 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтетіні белгілі. Бұл күні Сондерс Лондонда кіші Вилли Монромен шаршы алаңға шығып, өзара мықтыны анықтамақ.

"Егер Билл қыркүйекте Монроны жеңсе, біз бар күшімізді Головкин-Канело жекпе-жегінің жеңімпазымен кездесу өткізуге салатын боламыз. Егер Головкин жеңсе, біз онымен осы жылдың желтоқсан айында жекпе-жек өткіземіз. Ал, егер Канело жеңсе келесі жылдың басында жұдырықтасуға болады. Билл жеңу үшін бару салады", – деді Фрэнк Уоррен америкалық басылымдарға берген сұхбатында.

Еске салайық, бұған дейін Головкин мен Сондерс осы жылы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Астанада кездеседі деген ақпарат тараған болатын. Дегенмен, GGG командасының ресми өкілдері бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Ал, осынау жалған ақпаратты әу баста ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының өзі таратқан еді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар